АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АТБАСАР ҚАЛАСЫ, АТБАСАР АУДАНЫ, №8 ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҮЗЕТУ КАБИНЕТІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АТБАСАР ҚАЛАСЫ, АТБАСАР АУДАНЫ, №8 ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҮЗЕТУ КАБИНЕТІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

06.05.2021

Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 104-бабының 1-тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1.«Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі  күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 59 қаулысына (бұдан әрі – БМСД № 59 қаулысы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 

1) БМСД № 59 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1)Қазақстан Республикасына шетелден авиарейстермен келетін адамдарға қатысты іс-шараларды мынадай тәртіппен жүргізуді қамтамасыз етсін:

оларды ертіп жүретін адамдардаҚазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде нәтижесін алған күннен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттің теріс нәтижесі бар анықтама (бұдан әрі – Анықтама) болған кезде 5 жасқа дейінгі балаларды; Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; авиакомпаниялар экипаждарын; құжаттамалық растауды ұсынған жағдайда Қазақстан Республикасында COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған Қазақстан Республикасының азаматтарын және Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде барлық келетін адамдар Анықтаманы (қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілінде) ұсынуға міндетті;

Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; авиакомпаниялар экипаждарын қоспағанда, шетелден Қазақстан Республикасына халықаралық жолаушылар авиарейстерімен келген адамдарға қатысты шектеу шаралары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жүргізіледі;

халықаралық транзитпен жүретін жолаушылар транзиттік аймақтан шықпайды және соңғы межелі пунктте шектеу шараларын жүргізуге жатады;»;

2) БМСД № 59 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

         «2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпе жолдарында өткізу пункттері арқылы Қазақстан Республикасына келетін адамдарға қатысты іс-шараларды мынадай тәртіппен жүргізуді қамтамасыз етсін:

оларды ертіп жүретін адамдарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде нәтижесін алған күннен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттің теріс нәтижесі бар анықтама (бұдан әрі – Анықтама) болған кезде 5 жасқа дейінгі балаларды; Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; локомотив бригадаларының мүшелерін; теміржол, теңіз және өзен көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты адамдарды; құжаттамалық растауды ұсынған жағдайда Қазақстан Республикасында COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған Қазақстан Республикасының азаматтарын және Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде барлық келетін адамдар Анықтаманы (қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілінде) ұсынуға міндетті;

Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; локомотив бригадаларының мүшелерін; теміржол көлігіндегі тасымалдау қызметіне байланысты адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпе жолдарында өткізу пункттері арқылы Қазақстан Республикасына келетін адамдарға қатысты шектеу шаралары осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес жүргізіледі;»;

3) БМСД № 59 қаулысына 1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

4) БМСД № 59 қаулысына 6-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2.«Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысына (бұдан әрі – БМСД № 67 қаулысы) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1)БМСД № 67 қаулысының 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

         «3) медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарда, мүгедек балаларға арналған, интернат типіндегі оқу орындарында санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауды қамтамасыз етсін.Әлеуетті ата-аналар берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын растайтын құжатты ұсынған кезде жетім балаларды одан әрі асырап алу, қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу үшін олармен кездесуге сәбилер үйлері мен балалар үйлеріне баруға рұқсат етіледі.

Берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын растайтын құжатты ұсынған кезде ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының медициналық-әлеуметтік объектілерге баруына рұқсат етіледі;»;

2) БМСД № 67 қаулысының 7-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) босанатын әйелдер босандыру ұйымына, сондай-ақ көп бейінді стационарларға өмірлік көрсеткіштері бойынша шұғыл көмек көрсетуді қажет ететін пациенттер түскен кезде медициналық көмекті жеке қорғаныш құралдарын пайдалана отырып, эпидемияға қарсы режимді сақтай отырып, оқшауланған үй-жайда COVID-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін күтпестен көрсетіледі.

Пациентте COVID-19 диагнозы расталған кезде медициналық көмек көрсетуге тартылған, COVID-19-ға қарсы вакцинацияланбаған персонал үй карантинінде оқшаулауға және COVID-19-ға зертханалық тексеруге жатады. Оң нәтиже болған жағдайда жұмыстан шеттетіледі және емдеуге жіберіледі, теріс нәтиже болған жағдайда өзінің лауазымдық міндеттерін орындауды жалғастырады және 14 күн бойы медициналық бақылауға жатады;»;

3) БМСД № 67 қаулысының 7-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«8) пациенттерді, оның ішінде жүкті әйелдерді, босанған әйелдерді және балаларды стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу берілген күнінен бастап 7 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, COVID-19-ға тестілеу нәтижелерімен немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын растайтын құжатпен Емдеуге жатқызу бюросының порталы арқылы амбулаториялық қызмет мамандарының жолдамасы бойынша көрсетілімдер бойынша жүзеге асырылады;»;

4) БМСД № 67 қаулысының 13-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын;

5) БМСД № 67 қаулысына 1-қосымшада І бөлімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1.Міндеттерін қашықтықтан орындау мүмкін емес жұмыскерлерді қоспағанда, COVID-19-ға қарсы вакцинацияланбаған және соңғы 6 ай ішінде COVID-19-бен ауырмаған қызметкерлер қашықтықтан жұмыс істеу форматына ауыстырылады.»;

6) БМСД № 67 қаулысына 1-қосымшада І бөлімнің 4-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) CОVID-19-ға қарсы вакцинацияланбаған, CОVID-19 расталған жағдайларымен байланыста болған адамдар;»;

7) БМСД № 67 қаулысына 9-қосымшада 1-тараудың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Міндеттерін қашықтықтан орындау мүмкін емес жұмыскерлерді қоспағанда, COVID-19-ға қарсы вакцинацияланбаған және соңғы 6 ай ішінде COVID-19-бен ауырмаған қызметкерлер қашықтықтан жұмыс істеу форматына ауыстырылады.»;

8) БМСД № 67 қаулысына 11-қосымшада 4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2)міндеттерін қашықтықтан орындау мүмкін емес жұмыскерлерді қоспағанда, CОVID-19-ға қарсы вакцинацияланбаған және соңғы 6 ай ішінде COVID-19-бен ауырмаған қызметкерлерді қашықтықтан жұмыс істеу нысанына ауыстыру;»;

9) БМСД № 67 қаулысына 14-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

10) БМСД № 67 қаулысына 17-қосымшада 2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2)міндеттерін қашықтықтан орындау мүмкін емес жұмыскерлерді қоспағанда, CОVID-19-ға қарсы вакцинацияланбағанжәне соңғы 6 ай ішінде COVID-19-бен ауырмаған қызметкерлерді қашықтықтан жұмыс істеу форматына ауыстырылады;»;

11) БМСД № 67 қаулысына 18-қосымшада «Объектіге кіруге рұқсат» деген бөлімінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«- стационарлық демалыс және сауықтыру ұйымдарының персоналын жұмысқа жіберу жұмыс басталғанға дейін 72 сағаттан кешіктірмей жүргізілген COVID-19-ға зертханалық зерттеудің теріс нәтижесі немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болан кезде жүзеге асырылады;

12)БМСД № 67 қаулысына 18-қосымшада «Стационарлық демалыс және сауықтыру ұйымдарының (қала сыртындағы лагерьлер, базалар) жұмыс процесін ұйымдастыру» деген бөлімінің жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«-келген кезде әрбір балаға денсаулық жағдайы туралы құжаттар (086/у нысаны), инфекциялық аурулармен, оның ішінде COVID-19 бойынша байланыстың болмауы туралы анықтамалар, келуден кемінде 72 сағат бұрын жүргізілген COVID-19-ға зертханалық зерттеудің теріс нәтижесі бар құжат болуы тиіс;»;

13) БМСД № 67 қаулысына 19-қосымшада 4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде COVID-19 расталған жағдайларымен байланыста болғандар;»;

14) БМСД № 67 қаулысына 20-қосымша мынадай мазмұндағы 16-тармақпен толықтырылсын:

«16.Мешіттер, православие шіркеулері және басқа да діни объектілер аумағында ұжымдық діни іс-шараларды (оның ішінде «жұма намазы», күнделікті православиелік дұғалар және басқаларын) ашық ауада өткізу маска режимі мен бір адамға кемінде 4 метр есебінен әлеуметтік қашықтық сақталған кезде жүзеге асырылады.»;

15) БМСД № 67 қаулысына 25-қосымшада «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде вахталық әдіспен жұмыс істейтін кәсіпорын қызметкерлерінің шығуына (кіруіне) қойылатын талаптар» деген бөлімде 20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«20. Жұмыс беруші жұмысы өндірістік объектіде болуды талап етпейтін, COVID-19-ға қарсы вакцинацияланбаған және соңғы 6 ай ішінде COVID-19-бен ауырмаған жұмыскерлерді қашықтықтан жұмыс нысанына ауыстырады.»;

16) БМСД № 67 қаулысына 25-қосымшада «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде вахталық әдіспен жұмыс істейтін кәсіпорын қызметкерлерінің шығуына (кіруіне) қойылатын талаптар» деген бөлімде 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Кәсіпорын басшысы вахталық кенттен шыққанға дейін күн сайын соңғы 5 күн ішінде бақылау тексеруді (тексеру, температураны өлшеу) жүргізеді. Вахтадан шыққанға дейін бес күн бұрын COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алмаған қызмекерлерге ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізеді. ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерудің оң нәтижелі жұмыскер анықталған жағдайда Кәсіпорын басшысы жұмыскерді жедел медициналық көмек келгенге дейін Кәсіпорын жанындағы изоляторға орналастыруды қамтамасыз етеді және бұл туралы медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) көрсететін жақын жердегі ұйымға және аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне хабарлайды, сондай-ақ АД өкілдері келгенге дейін COVID-19-ға ПТР тестінің оң нәтижесі бар жұмыскерлердің вахталық кенттен шығуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды.»;

17) БМСД № 67 қаулысына 25-қосымшада «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде вахталық әдіспен жұмыс істейтін кәсіпорын қызметкерлерінің шығуына (кіруіне) қойылатын талаптар» деген бөлімде 15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Қызметкерлер вахтаға келгеннен кейін Кәсіпорынның медицина қызметкерлері жұмыскерлердің жалпы жағдайын тексеру жүргізеді, теріс нәтижемен ПТР әдісімен CОVID-19-ды анықтауға зертханалық тексерудің немесе COVID-19-ға қарсы вакцинация туралы құжаттың болуын тексереді.»;

18)БМСД № 67 қаулысына 26-қосымшада 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Бала асырап алу, қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу үшін жетім балалармен кездесуге әлеуетті ата-аналардың балалар үйлері мен балалар үйлеріне баруы әлеуетті ата-аналар теріс нәтижемен ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты немесе COVID-19-ға қарсы вакцинация алғаны туралы құжатты ұсынған кезде жүзеге асырылады.»;

19) БМСД № 67 қаулысына 26-қосымшада 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Жаңадан түсетін пациенттер медициналық-әлеуметтік мекемелерге COVID-19-ға зертханалық тексерудің теріс нәтижесі немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжат бар болғанда қабылданады.»;

20)БМСД № 67 қаулысына 27-қосымшада 1-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«8) азаматтық персонал адамдарын, сондай-ақ COVID-19-ға қарсы вакцинацияланбаған және соңғы 6 ай ішінде COVID-19-бен ауырмаған жеке құрамды қашықтықтан жұмысқа ауыстыру;»;

21) БМСД № 67 қаулысына 27-қосымшада 2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) COVID-19-ға қарсы вакцинацияланбаған және соңғы 6 ай ішінде COVID-19-бен ауырмаған қызметкерлер үшін үйден қашықтан қол жеткізу арқылы;»;

22) БМСД № 67 қаулысына 29-қосымшада 1-тараудың 5-тармағы  мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Қызметкерлерді жұмысқа жіберу жеке медициналық кітапшасы және жұмысқа рұқсаты болған кезде жүзеге асырылады. Объектінің үй-жайларына мынадай адамдар жіберілмейді:

1) COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде COVID-19 расталған жағдайларымен байланыста болған адамдар;

2) жіті респираторлық инфекция белгілері бар (жоғары температура, жөтел, мұрынның ағуы) персонал.»;

23)БМСД № 67 қаулысына 33-қосымша осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

24) БМСД № 67 қаулысына 34-қосымшада І бөлімнің 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«8. COVID-19 жағдайымен жақын байланыста болғандар арасындағы COVID-19-ға зерттеуді жүзеге асыратын зертханалардың қызметкерлері COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде байланыс анықталғаннан бастап 1-күні COVID-19-ға ПТР әдісімен тексеріледі. ПТР әдісімен жүргізілген COVID-19-ға хертханалық тексеру қорытындысы теріс болған жағдайда инфекциялық қауіпсіздік және ЖҚҚ қолдану талаптарын қатаң сақтай отырып, өздерінің лауазымдық міндеттерін атқаруды жалғастырады.»;

25) БМСД № 67 қаулысына 34-қосымшада ІІ бөлімнің 39-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«39. Медицина қызметкерлері демалыстан, іссапардан, ауруына байланысты жұмыс орнында болмағаннан кейін, медициналық жоғары оқу орындары мен медициналық колледждердің студенттері медициналық ұйымдарда практиканы бастау алдында медициналық ұйымға нәтижесі берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен ПТР әдісімен COVID-19-ға тестінің теріс нәтижесі бар анықтама немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжат болған кезде жіберіледі.»;

26) БМСД № 67 қаулысына 35-қосымша осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

3.«Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 68 қаулысына (бұдан әрі – ҚР  БМСД № 68 қаулысы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) ҚР  БМСД № 68 қаулысының 2-тармағының 3) және 5) тармақшалары алып тасталсын;

2) ҚР  БМСД № 68 қаулысының 2-тармағының 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«15) спортшылар мен жаттықтырушылар құрамы COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау ұсынған жағдайда облыстық командаларды дайындау үшін оқу-жаттығу жиындарын қайта бастауға рұқсат беруді;»;

3) ҚР  БМСД № 68 қаулысының 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының, көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлер, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының ведомстволарының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантиндік шараларды күшейту туралы шешім қабылдауға құқылы.»;

3) ҚР  БМСД № 68 қаулысына 3-қосымшада 4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) алынған сәтінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеудің теріс нәтижесінің немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғанын растайтын құжаттың болуы;»;

4) ҚР  БМСД № 68 қаулысына 4-қосымша осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

4.«Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № 3 қаулысына (бұдан әрі – ҚР БМСД №3 қаулысы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) ҚР БМСД №3 қаулысына 1-қосымшада 34-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1вакцинацияны екі кезеңмен жүргізеді: ең алдымен 0,5 мл дозада I компонентпен, содан кейін вакцинация күнін есептемегенде 45 күннен кейін - 0,5 мл дозада II компонентпен; бұл ретте 45-шікүнге II компонентпен вакцинация жүргізу мүмкін болмаған жағдайда (демалыс, мереке күндеріне сәйкес келу, басқа елді мекенге шығу және басқалар) вакцинацияны 90 күн ішінде жүргізуге жол беріледі; вакцинацияның осы курсы 2021 жылғы 21 сәуірден бастап «Гам-КОВИД-Вак» вакцинасының бірінші компонентін алған адамдарға енгізіледі;»;

2) ҚР БМСД № 3 қаулысына 1-қосымшада 44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«44. Вакцинациядан кейінгі кезеңде медициналық бақылауды медицина қызметкерлері КВИ-ға қарсы егуді алғаннан кейін алғашқы 30 минут ішінде жүргізеді. Медицина қызметкері егу алдында вакцинацияланатын адамға вакцина енгізілгеннен кейінгі алғашқы 3 күнде көңіл-күйінің бұзылу белгілері пайда болған жағдайда тіркелген жері бойынша емханаға жүгіну қажеттілігі туралы түсіндіреді.».

5.Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

6.Осы қаулы 2021 жылғы 3 мамыр сағат 00-ден бастап күшіне енеді.

 

 

       Қазақстан Республикасының

                Бас мемлекеттік

         санитариялық дәрігері                                                      Е. Қиясов 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2021 жылғы 30 сәуірдегі

№ 17  қаулысына

1-қосымша

 

 

«Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2020 жылғы 23 қазандағы

№ 59 қаулысына

  1.  

 

 

Қазақстан Республикасына шетелден авиарейстермен келетін адамдарға қатысты шектеу шаралары

 

1. Қазақстан Республикасына шетелден авиарейстермен келетін барлық адамдар (Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; авиакомпаниялар экипаждарын қоспағанда) термометриядан, сауалнамадан өтеді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде нәтижесін берген күннен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы анықтаманы (бұдан әрі - Анықтама) (қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілінде) ұсынады.

Алып жүретін адамдарда Анықтама болған жағдайда 5 жасқа дейінгі балаларға,сондай-ақ құжаттамалық растауды ұсынған кезде Қазақстан Республикасында COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға  Анықтама ұсыну талап етілмейді.

2. Дене температурасы норма шегінде, Анықтама немесе Қазақстан Республикасында COVID-19-ға қарсы вакцинацияны алғаны туралы құжат ұсынған, келген адамдарға осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат ала отырып, COVID-19 ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі, олар межелі жеріне қарай жүруді жалғастырады.

3. Анықтама және COVID-19-ға қарсы вакцинациялау туралы құжаттың болуына қарамастан, дене қызуы жоғары келген адамдар инфекциялық стационарда оқшаулануға жатады.

4. Келген адамдарға сауалнама жүргізу осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2021 жылғы 30 сәуірдегі

№ 17  қаулысына

2-қосымша

«Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2020 жылғы 23 қазандағы

№ 59 қаулысына

  1.  

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпе жолдарында өткізу пункттеріндегі шектеу шаралары

 

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпе жолдарында өткізу пункттері арқылы Қазақстан Республикасына келген барлық адамдар (Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; локомотив бригадаларының мүшелерін; теміржол, теңіз және өзен көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты адамдарды қоспағанда) термометриядан, сауалнамадан өтеді және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде нәтижесі берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспаған ПТР әдісімен (қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілінде) COVID-19-ға тесттен өткені туралы анықтаманы (бұдан әрі – Анықтама) ұсынуға міндетті.

Алып жүретін адамдарда Анықтама болған жағдайда 5 жасқа дейінгі балаларға,сондай-ақ құжаттамалық растауды ұсынған кезде Қазақстан Республикасында COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға  Анықтама ұсыну талап етілмейді.

2. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік және екіжақты қатынаста халықаралық жүк тасымалдарын жүзеге асыратын жүргізушілер термометриядан, сауалнамадан өтеді және Анықтама немесе Қазақстан Республикасында COVID-19-ға қарсы вакцинациялауды алғаны туралы құжатты көрсетеді.

Анықтама немесе Қазақстан Республикасында COVID-19-ға қарсы вакцина алғаны туралы құжат болмаған кезде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасының аумағы бойынша екіжақты қатынаста халықаралық жүк тасымалдарын жүзеге асыратын жүргізушілер ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеруден өтеді. ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін материал алынғаннан кейін тағайындалған жерге дейін маршрут бойынша жүруді жалғастырады. Келген адамда COVID-19-ға зертханалық тексерудің нәтижесі оң болған кезде мемлекеттік шекарадағы санитариялық-карантиндік пунктке іссапарға жіберілген санитариялық-эпидемиологиялық қызмет маманы COVID-19-ға оң нәтиже туралы ақпаратты қазіргі уақытта келген адам сауалнамада көрсеткен маршрут парағына сәйкес аумағында орналасқан облыстық санитариялық-эпидемиологиялық қызмет департаментіне береді. Қазіргі уақытта келген адам аумағында орналасқан санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің маманы денсаулық сақтау басқармасына (бұдан әрі – ДСБ) және келген адамға COVID-19-ға зертханалық тексерудің оң нәтижесі туралы хабарлайды. ДСБ келген адамды медициналық тексеруді қамтамасыз етеді, COVID-19 белгілері болған кезде оны инфекциялық стационарға жатқызу қажеттілігі туралы шешім қабылдайды. COVID-19 белгілері болмаған кезде оған COVID-19 ықтимал симптомдары туралы және межелі жерге келгеннен кейін МСАК ұйымына жүгіну және COVID-19-ға тексерудің оң нәтижесі туралы хабардар ету қажеттілігін түсіндіреді. ДСБ осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат алады. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет департаменті және ДСБ келген адамның межелі жері бойынша ДСБ-ға COVID-19-ға тексерудің оң нәтижесі бар адамның жүргені туралы хабарлайды;

3. Дене температурасы норма шегінде, Анықтама немесе Қазақстан Республикасында COVID-19-ға қарсы вакцинацияны алғаны туралы құжатты көрсеткен, келген адамдарға осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат пен нұсқаулық алына отырып, COVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі, олар межелі жері бойынша жүруді жалғастырады.

Анықтама және COVID-19-ға қарсы вакцинациялау туралы құжаттың болуына қарамастан, дене қызуы жоғары келген адамдар инфекциялық стационарда оқшаулануға жатады.

4. Келген адамдарға сауалнама осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жүргізіледі;

5. Келген Қазақстан Республикасының азаматтары және Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдар (осы қосымшаның 2-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда) Анықтама және Қазақстан Республикасында COVID-19-ға қарсы вакцинация алғаны туралы құжат болмаған кезде ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін карантиндік стационарға 3 тәулікке дейін оқшаулауға жатады. COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін материал алуды  медициналық – санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) маманы жүзеге асырады.

COVID-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін теріс нәтижесі бар келген адамдарға осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат алына отырып, COVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі.

COVID-19-ға зертханалық тексерудің оң нәтижесімен келген адамдар инфекциялық стационарға емдеуге жатқызылады.».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2021 жылғы 30 сәуірдегі

№ 17  қаулысына

3-қосымша

«Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2020 жылғы 25 желтоқсандағы

№ 67 қаулысына

14-қосымша

 

 

Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде мектепке дейінгі балалар ұйымдарына қойылатын талаптар

 

1. Объектінің әкімшілігі іnfokazakhstan.kz сайтында жұмыс жағдайларымен міндетті түрде танысады және тиісті келісімге қол қояды.

2. Міндеттерін қашықтықтан орындау мүмкін емес жұмыскерлерді қоспағанда, COVID-19-ға қарсы вакцинацияланбаған және соңғы 6 ай ішінде COVID-19-бен ауырмаған қызметкерлер қашықтықтан жұмыс істеу форматына ауыстырылады.

3. Объектіде ашу алдында дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күрделі жинау (оның ішінде жиһаздың, қабырғалардың және басқа да заттардың бетін дезинфекциялау құралдарымен жинау және өңдеу) жүргізіледі.

4. Қызметкерлерді жұмысқа жіберу жеке медициналық кітапшасы және жұмысқа рұқсаты болған кезде жүзеге асырылады. Объектінің үй-жайларына мынадай адамдар жіберілмейді:

1) COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде COVID-19 расталған жағдайларымен байланыста болған адамдар;

2) COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде шетелден келгендер;

3) қызметкерлер мен балаларды қоса алғанда, жіті респираторлық аурулар белгілері бар адамдар;

4) COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде еріп жүретін адамдар, ата-аналар;

5) учаскелік педиатрдың анықтамасынсыз 3 жұмыс күнінен артық болмаған балалар.

5. Балалардың балабақшаға баруы ата-ананың/қамқоршының өтініші-келісімі негізінде ата-ананың/қамқоршының жеке жауапкершілігімен жүзеге асырылады.

6. Объектінің әкімшілігі:

1) қызметкерлерге, балаларға/ересектерге, ата-аналарға (заңды өкілдеріне) санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау туралы нұсқама жүргізуді;

2) білім беру іс-шараларын өткізу кезінде үй-жай ішінде қауіпсіздік шараларын сақтауды (персоналдың маска режимін сақтауы (қорғаныш экранды маскаларды немесе қорғаныш күнқағарларын пайдалану), қашықтықты сақтау, дезинфекциялау және т.б.);

3) карантин жағдайында өзін-өзі ұстау ережелері, жадынамалар мен нұсқаулықтар туралы ақпараттық материалдарды жалпыға қолжетімді орындарға орналастыруды;

4) әрбір сабақтан кейін оқу үй-жайларын желдету режимінің сақталуын қамтамасыз ете отырып, білім беру орталықтарының ішіндегі өндірістік бақылау журналына тіркей отырып, профилактикалық тексеру (сүзгілерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда) жүргізіп, желдету жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін;

5) термометрлерінің және дезинфекциялау және жуу құралдарының, антисептиктердің, жеке қорғаныш құралдарының (маскалар, қолғаптар) азаймайтын қорының (кемінде 5 күнге) болуын;

6) ауыз су режимін сақтауды (жеке ыдыс немесе бір рет қолданылатын стақандар);

7) персоналға арналған объектіде, балалардың қолы жетпейтін жерлерде тері антисептигі бар санитайзерлерді орнатуды;

8) тамақ ішкенге дейін, көшеде серуеннен кейін, санитариялық торапқа барғаннан кейін және ластанудың басқа да жағдайларында балалардың қолдарын уақтылы жууды (сұйық сабынды пайдаланып қол жуу);

9) топтар үй-жайларының ауасын зарарсыздандыру қоса беріліп отырған нұсқаулыққа сәйкес кварц, бактерицидті шамдарды пайдалана отырып, кейіннен күніне кемінде 3 рет желдету, топта балалар болмаған кезде өтпелі желдету арқылы жүзеге асырылады. Желдету балалардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, тәрбиешінің бақылауымен жүзеге асырылады;

10) топтардағы есік тұтқаларын, баспалдақ марштарының сүйеніштерін, терезе алдын, горшоктарды, санитариялық-техникалық жабдықтарды дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып үш рет өңдеуді (топтық үй-жайларда балалар болмаған кезде дезқұралдарды пайдалану) қамтамасыз етеді.

7. Топтар балалар (ересектер) арасындағы қашықтықты бейімделген ғимараттарда (бірлескен ойын және ұйықтайтын орындар кезінде) 1 (бір) балаға 4 шаршы метр есебінен, типтік балабақшаларда – ойын аймағында 1 (бір) балаға 3 шаршы метр (ұйықтайтын аймақ пен тамақтану аймағын есепке алмағанда) есебінен, бірақ топта 15 баладан аспайтын есеппен сақтау шартымен құрылады.

8. Жатын үй-жайларда кереуеттер арасындағы қашықтық кемінде 1 (бір) метр сақталады.

9. Балалардың санын ескере отырып, штатта (немесе шарт бойынша) дәрігердің және (немесе) орта медицина қызметкерінің болуы қамтамасыз етіледі.

10. Ұйымның қызметіне карантин кезінде мынадай профилактикалық іс-шаралардың сақталуы қамтамасыз етілгенде жол беріледі:

1) медицина қызметкерлерінің барлық қызметкерлер мен балаларға күнделікті таңертеңгі сүзгіні жүргізуі (термометрия, ғимаратқа кіреберісте қолды антисептикпен өңдеу, аяқ киімнің табанын өңдеу, аяқ киімді ауыстыру);

2) COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде жүкті әйелдерді және 65 жастан асқан объект қызметкерлерін оффлайн жұмысқа жіберуді шектеу.

11. Жіті респираторлық инфекциялардың және басқа да инфекциялық аурулардың белгілері (жоғары температура, жөтел, мұрынның ағуы) анықталған кезде қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді, балалар үйіне оралады.

12. Балалар 3 жұмыс күнінен артық болмаған жағдайда оларды қабылдау учаскелік педиатрдың денсаулық жағдайы туралы анықтамаларымен жүзеге асырылады.

13. Ғимаратқа кіру алдында қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылады.

14. Ойындарға арналған оқшауланған алаң болмаған жағдайда (тұрғын үй кешендерінің құрамында орналастыру) дене шынықтыру сабақтарын және басқа да топтық сабақтарды көшеде (жылы уақытта) өткізуге жол берілмейді.

15. Күн сайын ас блогының үй-жайларын, асүй ыдыстарын, жабдықтар мен мүкәммалды, балалардың ойын алаңдарының жабдықтарын дезинфекциялау жүргізіледі.

16. Объекті әкімшілігі балабақша қызметкерлерімен эпидемияға қарсы режимді сақтау мәселелері бойынша, балабақшадағы эпидемияға қарсы режимді сақтау мониторингі және кварц шамдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары бойынша күнделікті нұсқама жүргізуге жауапты адамды тағайындайды.

            17. Дезинфекциялау құралдары дайындаушының қаптамасында, балалардың қолы жетпейтін, арнайы бөлінген құрғақ, салқын және қараңғыланған жерде тығыз жабылған күйінде сақталады. Дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу және кездейсоқ улану кезіндегі алғашқы көмек кезіндегі сақтық шаралары әрбір нақты дезинфекциялау құралы үшін оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда жазылған.».

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2021 жылғы 30 сәуірдегі

№ 17  қаулысына

4-қосымша

«Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2020 жылғы 25 желтоқсандағы

№ 67 қаулысына

33-қосымша

 

 

COVID-19-ға тестілеу алгоритмі

 

І. SARS-CoV-2 коронавирус антигендерін анықтау үшін иммунохроматография әдісімен экспресс-тестілеу алгоритмі

 

1. Жалпы ережелер

1.1 SARS-CoV-2 антигендеріне иммунохроматографиялық экспресс-тест – бұлмұрын-жұтқыншақ жағындысында SARS-CoV-2 нуклеокапсидінің ақуызын анықтау үшін жоғары сезімтал моноклоналды антиденелерді пайдаланатын сапалы иммунологиялық талдау. Тест жолағында SARS-CoV-2 нуклеокапсидті ақуызға қарсы моноклоналды антиденелер бар коллоидты алтынмен біріктірілген бөлшектер бар;

1.2 SARS-CoV-2 коронавирусының антигендерін анықтауға арналған материал – тынысалу жолдарының материалы (мұрын немесе мұрын-жұтқыншақтан алынған жағынды);

1.3 Антигендерді анықтау үшін экспресс тестілеуді (бұдан әрі – ЭТ) қолданудың ең жақсы нәтижелері симптом алдындағы (симптомдар пайда болғанға дейін 1-3 күн) немесе аурудың манифесттік (аурудың алғашқы 5-7 күні) сатысындағы пациенттерде байқалады;

1.4 ПТР-ге қолжетімді болмаған кезде SARS-CoV-2 вирусынан туындаған инфекцияны диагностикалау үшін мәндері ПТР референс тестімен салыстыру арқылы айқындалған, ≥80% сезімталдықтың және ≥97% ерекшеліктің ең аз сипаттамаларына жауап беретін ЭТ-ны пайдалануға жол беріледі;

1.5 ЭТ пайдаланып тестілеудің оңтайлы нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында оқытылған персонал ауру симптомдары пайда болған сәттен бастап алғашқы 5-7 күн ішінде өндірушінің нұсқаулықтарына қатаң сәйкес орындайды.

1.6 ЭТ пайдаланып скринингтен өткен пациенттерде бақылау тестілеуі үшін ПТР пайдаланып зерттеуді тағайындау кезінде материалдың үлгілерін 2 күннен аспайтын аралықпен жақын уақытта алу жүзеге асырылады.

2. Экспресс тестілеу мынадай санаттарға қолданылады:

2.1 Инфекция (өршу) ошақтарында жаппай тестілеу үшін ұйымдасқан ұжымдарда және жабық мекемелерде (мектептер, балабақшалар, балалар лагерлері, көрмелер, полиция, қарулы күштер, қамау орындары, қарттар үйлері, жатақханалар және т.б.). Аурудың өршуі кезінде ұжымдарда, әсіресе үздіксіз жұмыс істейтін ұйымдардың қызметкерлері мен денсаулық сақтау қызметкерлері арасында сырқаттанушылық серпінін мониторингтеу кезінде.

2.2 Пациенттерді COVID-19-ды жоққа шығармайтын белгілері бар адамдарда шұғыл емдеуге жатқызу кезінде;

2.3 ПТР тестілеуге қолжетімділік жоқ шалғай елді мекендерде.

3. Экспресс тестілеу:

  1. стационарда төсек жанындағы тестілеу кезінде (POСT);
  2. арнайы бөлінген және жабдықталған автомобильдерде;
  3. жедел медициналық жәрдем бригадалары немесе жылжымалы мобильді бригадалар үйде, мектептерде, балабақшаларда, балалар лагерлерінде, көрмелерде, полиция басқармаларында, қарулы күштер бөлімдерінде, қамау орындарында, қарттар үйлерінде, жатақханаларда және т. б.;
  4. мамандандырылған шатырларда (кабинеттерде) немесе мобильді  алу пункттерінде (СП немесе моб. БАП);
  5. арнайы бөлінген және жабдықталған биоматериал алу пункттерінде орындалады.
    1. аурудың расталған диагнозы бар пациентпен байланысу жағдайларын қоспағанда, аурудың симптомдары жоқ адамдарда;
    2. ауру жағдайлары толық болмаған жағдайда немесе жекелеген жағдайлар болған кезде;
    3. биологиялық қауіпсіздік және инфекциялардың профилактикасы мен инфекциялық бақылаудың (ИПИБ) қажетті шаралары іске асырылмағанда;
    4. әуежайларда немесе шекарадан өту пункттерінде скрининг жүргізу мақсатында;
    5. қан донациясы және жоспарлы емдеуге жатқызу алдындағы скрининг барысында қолданылмайды.

5. Биоматериалдың сынамаларын алуға және тестілеуді өткізуге арналған құралдар мен материалдар:

  1. экспресс-тест (компоненттер пайдаланылатын жиынтыққа байланысты ерекшеленуі мүмкін), оның ішінде ампуладағы экстракциялық буфер, үлгіні алуға арналған шыны түтікше, дозатор-қақпақ, стерильді тампондар, штатив;
  2. секундомер
  3. жұмыс үстелі
  4. ашылғаннан кейін экспресс-тест 1 сағат ішінде қолданылады. Экспресс тестілеудің жалған нәтижелерін алуды болдырмау үшін диагностикалық процесті экспресс тест реагенттерінің жиынтығына арналған өндірушінің нұсқаулығына сәйкес үй-жайдың температурасы мен ылғалдылығы кезінде жүргізген дұрыс.
  5. SARS CoV2 вирусының антигендеріне иммунохроматографиялық әдіспен экспресстестілеуге арналған реагенттер жиынтығы бөлме температурасында немесе 2-4 °С тоңазытқышта сақталады (реагентті сақтау жөніндегі ұсынымдармен нұсқаулықта танысуға болады). Мұздатып қатыруға болмайды (тесттің жалған теріс нәтижелерін алуды болдырмау үшін)!!!
  6. егер экспресс тестілеуге арналған реагенттер жиынтығы тоңазытқышта сақталған жағдайда, зерттеу алдында жинақты бөлме температурасында 1 сағат ұстау қажет.
    1. Биоматериалдың сынамаларын алуды эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтай отырып, денсаулық сақтау ұйымының (санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің, МСАК, стационарлар қызметкерлерінің) медицина қызметкері жүзеге асырады;
    2. Материалды жинау кезінде ЖҚҚ пайдаланылады;
    3. Жағындылардың үлгілері тестіленушінің орналасқан жері бойынша (үйде, медициналық ұйымда, стационарларда, жұмыс, оқу, қызмет орны бойынша және т. б.) синтетикалық материалдан жасалған жасанды аппликаторы бар стерильді тампонның көмегімен (мысалы: полиэстер немесе дакрон) пластикалық стерженмен алынады;
    4.  Биоматериал сынамаларын әрбір алу алдында медицина қызметкері қолды жуудың бекітілген алгоритміне сәйкес мұқият жуады және таза бір реттік қолғап киеді, алу ЖҚҚ-да жүзеге асырылады;
    5.  Материалды алу алдында медицина қызметкері тестті орындау үшін қажетті құралдар мен материалдарды дайындайды;
    6.  Персонал бетіне мөлдір қорғаныш экранын киюі тиіс, өйткені пациенттің мұрын-жұтқыншағынан сынама алу кезінде рефлекторлық түшкіру немесе жөтел болуы мүмкін;
    7.  Үлгілерді жинау үшін шыны түтікшелерді штативке салыңыз. Сынамаларды алу үшін әрбір шыны түтікшеге экстракциялық буфер қосу (реагенттер жиынтығына нұсқаулықта көрсетілген енгізілетін буфер саны);
    8.  Жиынтықтың құрамына кіретін тампонмен ДДҰ-ның 2020 жылғы 11 қыркүйектегі «SARS-CoV-2 вирусын анықтауға арналған диагностикалық тестілеу» уақытша ұсынымдарына сәйкес мұрын-жұтқыншақтан жағынды алу (тампон үлгісіндегі қан немесе артық шырыш тест өткізуге кедергі келтіруі және валидациясыз нәтижеге әкелуі мүмкін);
    9. Үлгі бар тампонды алуға арналған шыны түтікшеге салыңыз. Антигенді босату үшін басын шыны түтікшенің ішкі қабырғасына тигізіп, тампонды 10 секунд бұраңыз (сынамалар бар тампондарды жинағаннан кейін мүмкіндігінше тезірек салыңыз), тампонды экстракция түтігінде 1 минут қалдырыңыз (Ескертпе: егер тез арада тестілеу мүмкін болмаса, мұрын-жұтқыншақтың жағындысын пациент туралы ақпарат, жағынды алу уақыты және тығыз жабылған таза пайдаланылмаған шыны түтікшеге салған дұрыс. Үлгіні алғаннан кейін 1 сағатқа дейін бөлме температурасында (19-24°С) сақтаңыз. Егер сынама жинау мен экспресс-тестілеу арасындағы кідіріс 1 сағаттан асса, сынама кәдеге жаратылады. Тестілеу үшін қайтадан жаңа үлгі алу керек);

 

  1.  Мүмкіндігінше сұйықтықты кетіру үшін тампонның басын шыны түтікшенің ішкі қабырғасына басып, тампонды алыңыз. Қолданғаннан кейін тампонды биологиялық қауіпті қалдықтарды жою туралы хаттамаға сәйкес тастаңыз;
  2.  Сынама алуға арналған шыны түтікшеге дозатор-қақпақты  орнату;
  3.  Герметикалық қаптамадан сынақ кассетасын алу және оны бір сағат ішінде пайдалану. Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін, қаптаманы ашқаннан кейін тестті бірден жасаңыз (салқын жерде сақтаған кезде, тест алдында кассетаны бөлме температурасына дейін жеткізіңіз);
  4.  Сынамасы бар шыны түтікшені төңкеріп, зерттелетін сынаманың бірнеше тамшысын (енгізілген тамшылардың саны экспресс-тест жинағына арналған нұсқаулықта белгіленген) S саңылауына қосу;
  5. Экспресс тестке арналған нұсқаулықта белгіленген инкубация уақытына секундомерді қосу (әртүрлі экспресс тест өндірушілерінің өзіндік белгіленген инкубация уақыты бар).
  6. Инкубацияны бөлме температурасында жүзеге асыру; Инкубация уақытынан асатын нәтижелерді түсіндіру ұсынылмайды. Түсті сызық пайда болғанша күтіңіз (және).

 

 

  1.  Нәтижелерді түсіндіру: егер тест дұрыс орындалған болса, нәтижелер терезесінде түрлі-түсті жолақ С қалпында бақылау сызығы түрінде көрсетіледі. Вирус антигені  Т қалпында анықталғанда түрлі-түсті жолақ пайда болады.

Оң нәтиже:

Нәтижелер терезесінде 2 көрінетін сызық пайда болады. Т аймағындағы сызық үлгіде SARS-CoV-2 антигенінің бар екенін көрсетеді. Тест сызығы аймағындағы түс қарқындылығы (T) үлгінің құрамындағы антиген мөлшеріне байланысты өзгереді. Сондықтан тест сызығындағы кез келген түс реңін (T) оң нәтиже ретінде қарастыру керек.

 

Теріс нәтиже:

C бақылау аймағында тек бір түсті сызық пайда болады. T тест сызығы аймағында түрлі-түсті сызық жоқ.

 

Валидті емес (жарамсыз) нәтиже;

Егер тест аяқталғаннан кейін нәтижелер терезесінде (C) бақылау сызығы көрінбесе, нәтиже жарамсыз болып саналады. Үлгінің жеткіліксіз көлемі, зерттеудің дұрыс жүргізілмеуі немесе мерзімі өткен тесттер бақылау (С) сызығының пайда болмауының неғұрлым ықтимал себептері болып табылады. Үлгіні жаңа тестпен қайта тестілеу ұсынылады.

 

 

 

Экспресс-тесттің сапасын бақылау.

Тестке процедуралық бақылау қосылады. Бақылау сызығының (C) аймағында пайда болатын сызық – бұлішкі процедуралық бақылау. Бұл үлгінің жеткілікті көлемін және процедураның дұрыс әдісін растайды.

  1.  Әрбір пациенттен кейін медицина қызметкері «В» класындағы медициналық қалдықтарға арналған ҚКЖҚ-на пайдаланылған материалды орналастырады, пайдаланылған тест-жолақты және қолғапты «В» класындағы медициналық қалдықтарға арналған ыдысқа кәдеге жаратады;
  2.  Әрбір пациенттен кейін медицина қызметкері «вирустық инфекциялар кезінде» ерітіндіні араластыру режимі бар қоса берілген нұсқаулыққа сәйкес дезинфекциялау режимін сақтай отырып, жұмыс беттерін (үстел, орындық немесе кушетка және т. б.) дайын дезинфекциялық ерітінділермен өңдейді;
  3.  Күніне кемінде 2 рет «вирустық инфекциялар кезінде» ерітіндіні араластыру режимі бар нұсқаулыққа сәйкес дезинфекциялау ерітіндісін қолдана отырып, үй-жайларды ылғалды жинауды және белгіленген режимге сәйкес кварцтауды жүргізу, кейіннен үй-жайды кемінде 15 минут желдету;
  4.  Жұмыс аяқталғаннан кейін медицина қызметкері ЖҚҚ-ны шешіп, оларды «В» класының қалдықтарына арналған ыдысқа салады;
  5. ЖҚҚ шешкеннен кейін медицина қызметкері қолды жуудың бекітілген алгоритміне сәйкес қолды жылы сумен және сабынмен мұқият жуады, оларды антисептикпен өңдейді;
  6.  Ауысым аяқталғаннан кейін «вирустық инфекциялар кезінде» дезинфекциялау ерітіндісін араластыру режимімен күрделі жинау типі бойынша үй-жайларды (автомобильді) өңдеуді және белгіленген режимге сәйкес кейіннен үй-жайларды (автомобильді) кемінде 15 минут желдетумен кварцтауды жүргізу;
  7. Экспресс-тесттің оң нәтижесін алған кезде зерттеу жүргізген персонал:
  1. тестіленуші адамды хабардар етеді және оң нәтижесі бар пациент туралы медициналық ұйым басшысына немесе ҚР ДСМ СЭБК аумақтық департаментіне 2 сағат ішінде хабарлайтын жауапты адамға хабарлайды;
  2. пациентті одан әрі жүргізу тактикасы пациенттің жағдайына сәйкес жүзеге асырылады (оқшаулау жағдайларын қамтамасыз ете отырып, бейінді стационарға емдеуге жатқызу немесе амбулаториялық емдеу).
  3. SARS-CoV-2 вирусының таралуы төмен болған кезде жалған оң нәтижелерді болдырмау үшін ЭТ-нің барлық оң нәтижелеріне ПТР әдісімен қосымша тестілеу жүргізіледі.
    1. Теріс нәтиже алған кезде:
  1. COVID-19-ды жоққа шығармайтын және жұқтыру қаупі жоғары белгілері бар адамдарда ПТР-ға биологиялық материал алу жүргізіледі және пациентке ПТР тестілеу нәтижелерін алғанға дейін өзін-өзі оқшаулау қағидаларын сақтай отырып, үйде қалу ұсынылады;
  2. ПТР тестілеудің оң нәтижесін алған кезде пациентті жүргізу және хабардар ету тактикасы 6.23-тармаққа сәйкес.

 

ІI. ИФТ әдісімен тестілеу

1. ИФТ әдісімен тестілеу зерттеу хаттамасына сәйкес жаңа COVID-19 коронавирустық инфекциясына ұжымдық иммунитетті анықтауға серологиялық-эпидемиологиялық зерттеу жүргізу кезінде эпидемиологиялық қадағалау мақсатында жүргізіледі.

2. COVID-19 антиденелерін анықтауға арналған материал – бұлқан сарысуы.

3. Биоматериалдыы алуды денсаулық сақтау ұйымының медицина қызметкері эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтай отырып жүзеге асырады.

4. Материалды жинау кезінде ЖҚҚ пайдаланылады. 

5. Пациенттің қан сарысуы бар шыны түтікшесі науқас туралы барынша көп ақпаратты қамтитын жолдамамен бірге жүреді: пациенттің тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН, жасы, ауырған күні, алған күні және симптомдары, келген елі, науқаспен қарым-қатынасы.

6.Қан сарысуы бар шыны түтікше биологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып центрифугаланады. Сарысуды аликвотирлеуге жол берілмейді!

7. Тасымалдау сәтіне дейін алынған үлгілерді тоңазытқышта 2-ден 4 градусқа дейінгі температуралық режимде сақтау қажет.

8. Пациенттен алынған үлгілерді ҚР ДСМ 2017 жылғы 8 қыркүйектегі №684 бұйрығымен бекітілген «Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес үш қаптама талаптарын сақтай отырып, ҰСО филиалының зертханасына немесе COVID-19-ға тестілеу үшін айқындалған басқа зертханаға тасымалдау керек.

9. Зертханаларда ҚР-да диагностика жүргізу үшін тіркелген және рұқсат етілген тест-жүйелерді қолдана отырып, ИФТ (ИХЛ/АХЛ) әдісімен COVID-19 антиденелерін анықтау жүргізіледі.

10. COVID-19 антиденелерін анықтауға арналған тестілеу аяқталғаннан кейін жіберген ұйымға зерттеу нәтижелерін беру және жіберген ұйымға зерттеу нәтижелері туралы хабарлау және т. б. жүргізіледі.

11. Тестілеуді жүргізетін зертханалар белгіленген нысан мен жиілікке сәйкес тестіленген адамдардың саны мен санаты туралы есептілікті СЭБКД-не ұсынады.

12. ҚДСҰО СЭСМҒПО филиалы жекелеген жағдайларда көрсетілімдер және СЭБКД-мен келісім бойынша жіберген ұйымға зерттеу нәтижесін ұсына отырып, ИФТ (ИХЛ/ЭХЛ) әдісімен үлгілерді референс тестілеуді және референс тестілеу нәтижелері туралы аумақтық СЭБКД-ны хабарлауды жүргізеді.

13. Референттік тестілеуге жіберілген үлгілер науқас туралы барынша көп ақпаратты қамтитын жолдамамен бірге жүреді: пациенттің тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН, жасы, ауырған күні, алған күні және симптомдары, келген елі, науқаспен қарым-қатынасы, басқа зертханаларда алынған зерттеу нәтижесі (бар болса) және т. б.

14. Референттік тестілеуге жіберілген үлгілерді ҚР ДСМ 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 684 бұйрығымен бекітілген «Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес үш қаптама талаптарын сақтай отырып, ҚДСҰО СЭСМҒПО филиалына тасымалдау керек.

15. CОVID-19 антиденелерін анықтауға арналған референс тестілеу аяқталғаннан кейін жіберген ұйымға зерттеу нәтижелерін беру және жіберген ұйымға референс тестілеу нәтижелері туралы хабарлау және т. б. жүргізіледі.

 

IІI. ПТР әдісімен тестілеу

1. CОVID-19-ға ПТР әдісімен тестілеу медициналық ұйымның немесе СЭБК департаментінің аумақтық бөлімшесінің жолдамасы бойынша жүргізіледі. ПТР әдісімен тестілеуге мыналар жатады:

1.1. Эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша:

1) COVID-19-бен инфекциялық стационарға жатқызылған адамдар;

2) ЖРВИ және пневмониямен ауыратын науқастар;

3) COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде COVID-19-бен ауыратын науқаспен жақын байланыстары қатарындағы адамдар;

4) респираторлық симптомдары және COVID-19-ға ұқсас басқа белгілері бар медицина қызметкерлері;

1.2. Профилактикалық мақсатта:

1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпе жолдарда Мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттері арқылы Қазақстанға келетін азаматтар;

2) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің  қаулысына сәйкес шетелден авиарейстермен келетін адамдар;

3) COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде жинау пункттерінде мерзімді әскери қызметке шақырылатын адамдар және әскери бөлімге келгеннен кейін жас әскерлер;

4) COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде мерзімді әскери қызметтен кейін әскери бөлімдерден кету алдында әскерден босатылған адамдар.

5) COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу кезінде пациенттер;

6) COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде шұғыл емдеуге жатқызу кезінде пациенттер;

7) COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде науқас балаға күтім жасауға медициналық ұйымдарға жатқызылған адамдар;

8) емдеуге жатқызу алдында жүкті әйелдер;

9) COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде гемодиализдегі пациенттер айына 1 рет;

10) COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде ҚАЖ мекемелеріне түсетін адамдар (тергеуге алынғандар, айыпталушылар, сотталғандар);

11) COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде медициналық-әлеуметтік мекемелерге жаңадан түсетін адамдар, ресімдеу кезінде және кейіннен ай сайын;

12) COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде демалыстан, іссапардан, науқастануына байланысты жұмыс орнында болмауынан кейін медицина қызметкерлері;

13) эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша тиісті аумақтың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес;

14) COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде медициналық жоғары оқу орындары мен медициналық колледждердің студенттері медициналық ұйымдарда практика басталу алдында жүргізіледі.  

2. COVID-19-ды анықтау үшін материал аңқа мен мұрын жұтқыншақтан бөлінетін сынама, транстрахеалдық, мұрын жұтқыншақ аспираты, мұрын шайындысы, қақырық болып табылады.

3. Биоматериал сынамасын алуды эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтай отырып, денсаулық сақтау ұйымының (санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің, МСАК, стационарлар қызметкерлері) медицина қызметкері жүзеге асырады.

4. Материалды жинау кезінде ЖҚҚ қолданылады.

5. Жағындылардың үлгілері пластикалық өзектегі синтетикалық материалдан (мысалы: полиэстер немесе дакрон) жасалған жасанды аппликаторы бар стерильді тампонның көмегімен тестіленушінің орналасқан жері бойынша (үйде, медициналық ұйымда, стационарларда, жұмыс орны бойынша) алынады.

6. Бір науқастан вирустық тасымалдау ортасы бар бір түтікке аңқа мен мұрыннан (2 тампоннан) алу қажет.

7. Пациенттен алынған үлгі науқастың тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН, жасы, ауырған күні, алу күні және симптомдары, келген елі, науқастармен байланыс туралы барынша көп ақпаратты қамтитын жолдамамен бірге жүреді.

8. Тасымалдау сәтіне дейін алынған үлгілерді 2-ден 4 градусқа дейінгі температуралық режимде тоңазытқышта сақтау қажет.

9. ҚР ДСМ 2017 жылғы 8 қыркүйектегі №684 бұйрығымен бекітілген «Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес үш қаптаманың талаптарын сақтай отырып, пациенттен алынған үлгілерді ҰСО филиалының зертханасына немесе басқа зертханаға тасымалдау керек.

10. Зертханаларда нақты уақыт режимінде (реал-тайм) ПТР әдісімен COVID-19-дың спецификалық диагностикасы жүргізіледі.

11. COVID-19-ға тестілеу аяқталғаннан кейін зерттеу нәтижелерін жіберген ұйымға беру және зерттеу нәтижелері туралы жіберген ұйымға және АД-ға хабарлау жүргізіледі.

12. Оң нәтиже анықталған жағдайда қосымша АБ-ға шұғыл хабарлама ресімделеді.

13. Тестілеу жүргізетін барлық зертханалар:

1) СЭБКД-не белгіленген нысанға және жиілікке сәйкес тестіленген адамдардың саны мен санаты туралы есептілікті;

2) өткен ай үшін ай сайын ҚДСҰО СЭСМҒПО филиалына COVID-19-ға оң (жалған оң нәтижені болдырмау үшін) және 10 теріс (жалған теріс нәтижені болдырмау үшін) үлгіні қайта тестілеуге береді.

14. ҚДСҰО СЭСМҒПО филиалы жекелеген жағдайларда көрсетілімдер бойынша жіберген ұйымға зерттеу нәтижесін ұсына отырып, үлгілерге ДДҰ валидациялаған тест-жүйелерінде ПТР реал-тайм әдісімен референттік тестілеу және референттік тестілеудің нәтижелері туралы аумақтық СЭБКД -не хабарлауды жүргізеді.

15. ҚДСҰО СЭСМҒПО филиалы СОVID-19-ға зертханалық зерттеу сапасын қамтамасыз ету мақсатында «Сәйкестікті бағалау. Біліктілікті тексеруді жүргізуге қойылатын негізгі талаптар» ISO 17043-2013 талаптарына, сондай-ақ ДДҰ-ның Сапаны сыртқы бағалау ұлттық бағдарламаларын ұйымдастыру жөніндегі ұсынымдарына сәйкес үлгілерді қайта тестілеуге және зертханааралық салыстыру сынақтарына (кәсіптік тестілеуге), оның ішінде ДДҰ-мен ынтымақтастықтағы зертханамен салыстыруға жіберген зертханаға есеп бере отырып, өткен ай үшін 10 оң үлгі және 10 теріс үлгіге қайта тестілеу (сапаны сыртқы бақылау нысаны) жүргізеді.

16. Қайта тестілеуге жіберілген үлгілер бекітілген нысан бойынша жолдамамен қоса беріледі (сілтеме).

17. Қайта тестілеуге жіберілген үлгілерді ҚР ДСМ 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 684 бұйрығымен бекітілген «Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес үш қаптама талаптарын сақтай отырып, ҚДСҰО СЭСМҒПО филиалына тасымалдау керек.

18. Сапаны сыртқы бағалау (тестілеу, зертханааралық салыстыру сынақтары (кәсіптік тестілеу) тестілеуді эпидемиологиялық мақсатта, профилактикалық мақсатта және эпидемиологиялық қадағалау шеңберінде жүзеге асыратын зертханалар үшін өткізіледі.

19. Халықтың жабық ұйымдастырылған топтарында халықты тестілеу топтарын кеңейту қажет болған жағдайда пулға диагностикалық тестілеуді біріктіру жолымен скринингтік зерттеулер жүргізуге жол беріледі.

20. Талдаудың сезімталдығын төмендетуге жол бермеу мақсатында халықтың скринингі үшін пулға диагностикалық тестілерді біріктіру 3-5 үлгіден артық емес ерітуде тестілеуді біріктіруге жол беріледі.

21. Зертханалық скрининг кезінде диагностикалық тестілеу жүргізу және пулға біріктіруді кеңейтуді қатаң түрде валидацияланған әдістеме және сезімталдықтың төмендеуіне жол бермеу негізінде жүргізу керек.

22. Диагностикалық тесттерді нақты уақыт режимінде (реал-тайм) ПТР әдісімен талдау жүргізу кезінде ғана пулға біріктіруге жол беріледі.

23. Пулирлеу биологиялық қауіпсіздік талаптары, үлгілерді вортекстеу және пулды 500 мкл көлемінде қалыптастыру және пулды тиісті сәйкестендіру рәсімдері сақтала отырып жүргізіледі.

24. Диагностикалық пулда оң нәтижелер алынған жағдайда пулға біріктірілген әрбір үлгінің жеке диагностикасы жүргізіледі.

 

ІV. SARS CoV-2 вирустарының молекулалық-генетикалық мониторингі

 

1. Патогендердің генетикалық вариабелділігін, олардың таралуын және пайда болуын мониторингілеу үшін екінші буынды секвенирлеу әдісін пайдалану, диагностикалық тесттерді қоса алғанда, медициналық контрмерлердің тиімділігіне әсер етуі мүмкін.

2. Вирусты толық геномды секвенирлеу ҚР ДСМ айқындаған зертханаларда жүргізіледі.

3. Секвенирлеу нәтижелері ҚР ДСМ-ге жіберіледі және COVID-19 коронавирустық инфекциясын диагностикалау және емдеу бойынша тиімді шараларды әзірлеу үшін қолданылады.».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2021 жылғы 30 сәуірдегі

№ 17  қаулысына

5-қосымша

 

 

«Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2020 жылғы 25 желтоқсандағы

№ 67 қаулысына

 35-қосымша

 

COVID-19-ды жұқтыру тәуекелі жоғары болған

адамдар үшін оқшаулау тәртібі

 

            І. COVID-19-ды жұқтыру тәуекелі жоғары болған адамдарды оқшаулау тәртібі

1. COVID-19 пациентімен жақын байланыста болған адамдарда CОVID-19-ды жұқтыру тәуекелі жоғары болады.

COVID-19 расталған жағдайының жақын байланысы:

  • COVID-19 жағдайымен бір тұрғын үйде бірге тұратын адам;
  • COVID-19 науқасымен немесе COVID-19 жағдайының инфекциялық бөлінділерімен қорғалмаған тікелей байланыста болған адам (мысалы, жөтелу, қол алысу кезінде және т.б.);
  • ЖҚҚ (қорғаныш маскасын) пайдаланбай жабық үй-жайда болған адам (мысалы, сыныпта, жиналыс бөлмесінде, ауруханада күту бөлмесінде және т. б.) COVID-19 жағдайымен бірге 15 минут немесе одан көп уақыт ішінде 1,5 метрден кем қашықтықта болған адам;
  • COVID-19 жағдайына тікелей күтімді қамтамасыз ететін медицина қызметкері немесе басқа да адам немесе ұсынылған ЖҚҚ-сыз не ЖҚҚ-ны қолдануды бұзу мүмкіндігімен COVID-19 жағдайының биоүлгілерімен жұмыс істеген зертхана мамандары;
  • ұшақта, қалааралық қатынастағы автобуста, поезда, COVID-19 жағдайынан кез келген бағытта екі орындық арақашықтықта болған байланыста болған адам, сондай-ақ COVID-19 науқасы ұшқан ұшақтың секциясына қызмет көрсеткен экипаж мүшелері ретінде  айқындалады.

            Жақын байланыста болғандарды анықтау үшін эпидемиологиялық байланыстарды тергеп-тексеру кезеңі COVID-19 жағдайы анықталғанға дейін 14 тәулік бұрын басталуы және COVID-19 жағдайын оқшаулау сәтімен аяқталуы тиіс.

              2. COVID-19 науқаспен байланыста болған адамдарға қатысты шаралар (жақын байланыс):

            1) COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттық растау болмаған кезде COVID-19-бен ауыратын науқаспен байланыста болған адамдар (жақын байланыс) 14 күнге үйде оқшаулауға (үй карантині) жатады.

            Оқшаулаудың 3-ші және 12-ші күндерінде ПТР әдісімен COVID-19-ға байланыста болған адамды (жақын байланыс) зертханалық тексеру үшін сынама алу жүргізіледі. Оқшаулаудың 12-күнінде алынған ПТР-зерттеудің нәтижесі теріс болған жағдайда 14 күн өткеннен кейін карантин мен оқшаулау аяқталады. Оқшаулаудың 14-ші күнінде ПТР-зерттеудің оң нәтижесі болған кезде, клиникалық симптомдар болмаған кезде МСАК маманы COVID-19-дың профилактика шараларын сақтау қажеттілігі туралы ұсынымдар береді (медициналық масканы, антисептиктерді пайдалану, қол гигиенасы, әлеуметтік қашықтық).

            2) COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болған кезде COVID-19-бен ауыратын науқаспен байланыста болған адамдар (жақын байланыс) МСАК маманының медициналық тексеруіне жатады. COVID-19 белгілері болмаған кезде байланыста болған адамдар үй карантиніне оқшауланбайды, COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізілмейді, МСАК маманы күн сайын 14 күн бойы телефон арқылы байланыста болған адамнан оның денсаулық жағдайын (дене температурасы, ауру белгілерінің болуы)  нақтылайды.

            4. Симптомсыз вирус тасымалдаушылық кезінде пациент осы қаулыға 36-қосымшаға сәйкес оқшаулау жағдайлары болған кезде COVID-19 науқаспен соңғы байланыста болған сәттен бастап 14 күнге амбулаториялық жағдайда медициналық бақылауға және үйде оқшаулауға (үй карантині) жатады. Бекітілген алгоритмге сәйкес тәуекел факторлары болған және үйде оқшаулау үшін жағдайлар болмаған кезде емдеуге жатқызу туралы шешімді МСАК маманы әрбір жағдайда жеке қабылдайды.

              Учаскелік терапевт күн сайын коронавирустық инфекцияның клиникалық симптомдарының болуына үй карантиніндегі симптомсыз вирус тасымалдаушыға қоңырау шалуға міндетті.  

              COVID-19 науқастарымен соңғы байланыста болған сәттен бастап 14 күн ішінде клиникалық симптомдар болмаған жағдайда карантин аяқталады.

              Карантин аяқталған кезде МСАК маманы симптомсыз вирус тасымалдаушыға COVID-19профилактика шараларын сақтау қажеттілігі туралы ұсынымдар береді (медициналық масканы, антисептиктерді пайдалану, қол гигиенасы, әлеуметтік қашықтық).

              Үй карантиніндегі симптомсыз вирус тасымалдаушыда аурудың клиникалық белгілері пайда болған кезде (дене қызуының 38 градусқа дейін және одан жоғары көтерілуі, тамақтың жыбырлауы және/немесе ауыруы, әлсіздік, жөтел, бас ауыруы, ентігу, тыныс алудың қиындауы және коронавирустық инфекцияның басқа да симптомдары) учаскелік терапевт COVID-19-бен ауыратын науқасқа Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесіне шұғыл хабарлама береді.

              Жедел хабарлама келіп түскен Санитариялық-эпидемиологиялық бақылаукомитетінің аумақтық бөлімшесі осы COVID-19-бен ауыратын науқасты тіркеуді және есепке алуды жүзеге асырады, оны симптомсыз вирус тасымалдаушылардың есебінен алып тастайды, сондай-ақ симптомсыз вирус тасымалдау жағдайларының манифестік нысандарға (симптомдары бар жағдайлар) көшуінің жеке статистикасын жүргізеді.

 

COVID-19-бен ауыратын науқаспен байланыста болған адамның және шетелден Қазақстан Республикасына авиарейстермен келген адамның қолхаты

 

Елді мекен  ________________                                     20__ жылғы  «___» ______

Мен ______________________________________, ЖСН: _________________,

(Т.А.Ә. (бар болған кезде)

__ __ __ жылы ҚР ІІМ/ӘМ берген № _________________төлқұжат/жеке куәлік, ____________________________ мекенжайында тіркелгенмін, нақты ___________________________________ мекенжайында тұрамын. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 20__ жылғы _________№ ___- ПГВР қаулысымен бекітілген COVID-19  эпидемиялық тәуекелі жоғары адам ретінде қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша міндеттемелерді өзіме қабылдаймын.  Дербес деректерді өңдеуге келісім беремін. 

Отбасының/үй шаруашылығының кез келген мүшесінде температурасы немесе әлсіздік белгілері пайда болған кезде карантин туралы хабардар етіп және жүгіну себебін көрсете отырып, COVID-19 бойынша колл-орталыққа дереу жүгіну немесе жедел жәрдем шақыру екендігі туралы хабардар етілдім.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 462-бабының 3-бөлігіне сәйкес мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының өз құзыреті шегінде заңды талаптарын немесе қаулыларын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылықтың болуы туралы хабардар етілдім.

ӘҚБтК-нің 462-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік жауапкершіліктің болуы туралы, мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өздерінің құзыретіне сәйкес қызметтік міндеттерін орындауы үшін қажетті құжаттарды, материалдарды, статистикалық және өзге де мәліметтерді, ақпаратты беруден бас тарту не дәйексіз ақпарат беруден бас тарту түріндегі кедергі келтіруге тыйым салу туралы хабардар етілдім.

Сондай-ақ, 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-бабына сәйкес билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылықты қолданғаны үшін қылмыстық жауаптылықтың бар екендігі туралы хабардар етілдім.

Күні:_________Қолы___________».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2021 жылғы 30 сәуірдегі

№ 17  қаулысына

6-қосымша

«Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2020 жылғы 25 желтоқсандағы

№  68 қаулысына

  1.  

 

Әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу өлшемшарттары

 

Объектілер/салалар

Қызыл аймақ

Сары аймақ

Жасыл аймақ

  1. 1

Өнеркәсіп

+

+

+

  1. 2

Құрылыс (тұрмыстық үй-жайларда байланыс болмаған жағдайда)

+

+

+

  1. 3

Ауыл және балық шаруашылығы, мал шаруашылығы

+

+

+

  1. 5

Байланыссыз қызметтер (автожуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, сағаттарды, телефондарды, компьютерлерді, аяқ киімді жөндеу, тігін ательесі, кір жуу, химиялық тазалау, кілттерді жасау, тұрмыстық үй қағидаты бойынша көрсетілетін қызметтер және т. б.).

+

+

+

  1. 6

Туристік компаниялар, бизнес орталықтары (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг көрсетілетін қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, айырбастау пункттері, ломбардтар және т. б.)

+

+

+

  1. 7

Гүл дүкендері, фотосалондар

+

+

+

  1. 8

Медициналық ұйымдар, дәріханалар

+

+

+

  1. 9

 Музейлер, кітапханалар

+

+

+

  1. 1

Азық-түлік дүкендері, шағын маркеттер

+

+

+

  1. 1

 Балалардың түзету кабинеттері, балалар мен ересектердің білім беру орталықтары

ü

топты 15 адамнан артық толтырмаған кезде, алдын ала жазылу бойынша

ü

топты 15 адамнан артық толтырмаған кезде, алдын ала жазылу бойынша

+

  1. 1

 Сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар,  маникюр мен педикюр қызметтері, косметологиялық қызмет көрсететін орындар (жазылу бойынша)

ü

алдын ала жазылу бойынша

+

+

  1. 1

 Супермаркеттер, гипермаркеттер

+

+

+

  1. 1

Азық-түлік емес дүкендер (жеке тұрған)

ü

Алаңы 2000 ш.м дейін

+

+

  1. 1

 Ашық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес)

ü

(жексенбіден басқа)

+

+

  1. 1

Жабық  базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес)

ü

(сенбі, жексенбіден басқа)

+

+

  1.  

Халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдар (қонақ үйлер, отельдер, санаторий-курорттық ұйымдар, демалыс үйлері/базалары, туристік базалар және т. б.).

ü

80%-дан асырмай толтырғанда

+

+

  1. 1

 Медициналық орталықтар, кабинеттер, стоматология

ü

алдын ала жазылу бойынша

ü

алдын ала жазылу бойынша

ü

алдын ала жазылу бойынша

  1. 1

 Қоғамдық көлік

ü

(қарбалас уақытта автобустар санын көбейту, барлық есіктерді ашу, отыратын орындар саны бойынша толтыру)

ü

(қарбалас уақытта автобустар санын көбейту, барлық есіктерді ашу, отыратын орындар саны бойынша толтыру)

ü

(қарбалас уақытта автобустар санын көбейту, барлық есіктерді ашу, отыратын орындар саны бойынша толтыру)

  1. 1

 Банктер, ХҚКО, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері

ü

уақыт бойынша 9.00-ден 18.00-ге дейін шектеумен

ü

уақыт бойынша 9.00-ден 18.00-ге дейін шектеумен

+

  1.  

Мектепке дейінгі мекемелер

ü

кезекші топтар 15 адамнан аспайтын топтарды жинақтауды сақтаған кезде

ü

кезекші топтар 25 адамнан аспайтын топтарды жинақтауды сақтаған кезде

+

топтарды біріктіре отырып, іс-шаралар жүргізбей, ата-аналар мен бірге жүретін адамдарды кіргізбей, жұмыс істеуге рұқсат беру

  1. 2

Ұйымдар, офистер*(ескерту)

ü

80 %- қашықтықтан,   20%- күндізгі режим

ü

50 %- қашықтықтан,     50%- күндізгі режим

ü

30 %- қашықтықтан, 70%- күндізгі режим

  1. 2

 Діни объектілер

ü

Жабық үй-жайларда ұжымдық іс-шараларды өткізбей

 

ü

Жабық үй-жайларда ұжымдық іс-шараларды өткізбей

ü

 30%-дан асырмай толтыру, бір  адамға 4 ш.м алаңды қамтамасыз ету

  1. 2

 Мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда)

ü

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 30 орыннан асырмай сағат 9-дан 20-ға дейін жұмыс істеуге рұқсат

ü

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 7-ден 24.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

ü

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 7-ден 2.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

  1. 2

 Жазғы алаңдар

 

ü

9-дан 20-ға дейін жұмыс істеуге рұқсат

ü

7-ден 24.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

ü

сағат 7-ден 2.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

  1.  

Асханалар типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері

24.00-ге дейін

+

(тәулік бойы)

+

(тәулік бойы)

  1.  

Стрит-фуд (жеке тұрған шатыр/ларек/отыратын орны жоқ дүңгіршек)

+

+

+

  1. 2

Моншалар

+

+

+

  1. 2

Сауналар СПА-орталықтар, бассейндер

ü

(сенбі, жексенбіден басқа)

ü

(жексенбіден басқа)

+

  1. 2

СПА-орталықтар, бассейндер

ü

(сенбі, жексенбіден басқа)

+

+

  1. 2

 Қала маңындағы жолаушылар поездарының (электричкалардың)  қозғалысы

ü

ортақ вагондарсыз

ü

ортақ вагондарсыз

+

  1.  

 Жолаушылар поездарының қозғалысы

ü

ортақ вагондарсыз

ü

ортақ вагондарсыз

+

  1.  

Қалааралық/облысаралық тұрақты автобустардың (шағын автобустардың) қозғалысы

+

+

  1. 2

 Спорт кешендері, спорттық- сауықтыру орталықтары және фитнес-орталықтар, йога-орталықтарды қоса алғанда

ü

(сенбі, жексенбіден басқа)

+

+

  1. 2

 СОО, сауда үйлері, сауда желілері

ü

(сенбі, жексенбіден басқа)

+

+

  1. 3

 Мәдениет объектілері (дайындық)

ü

30 адамға дейін

ü

50 адамға дейін

  1. 3

 Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар

ü

толтырылуы 20%-дан артық емес

ü

толтырылуы 30%-дан артық емес

  1. 3

Облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдар

ü

толтырылуы 75%, бірақ 15 адамнан артық емес

ü

толтырылуы 75%, бірақ 25 адамнан артық емес

  1. 3

Қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар

ü

толтырылуы 75%, бірақ 15 адамнан артық емес

ü

толтырылуы 75%, бірақ 25 адамнан артық емес

  1.  

Бильярд

ü

толтырылуы 30%-дан артық емес

  1.  

Компьютерлік клубтар

ü

толтырылуы 30%-дан артық емес

  1.  

Боулинг

ü

толтырылуы 30%-дан артық емес

  1.  

Цирктер

ü

толтырылуы 30%-дан артық емес

  1.  

Балалардың ойын-сауық орталықтары (ойын алаңдары, жабық үй-жайлардағы аттракциондар )

ü

толтырылуы 30%-дан артық емес, бірақ 50 адамнан артық емес

  1.  

Ашық ауадағы аттракциондар

+

+

+

  1.  

Балаларды сауықтыру ұйымдары

ü

толтырылуы 30%-дан артық емес

ü

толтырылуы 50%-дан артық емес

+

  1.  

Көрермендермен спорттық іс-шараларды өткізу

ü

толтырылуы 15%-дан артық емес

ü

толтырылуы 20%-дан артық емес

  1. 3

Ас беру

ü

толтырылуы 30%-дан артық емес, бірақ 50 адамнан артық емес

  1.  

Банкет залдары

ü

30%-дан артық емес, бірақ 50 адамнан асырмай толтырып, ас беруді өткізу үшін ғана жұмыс істеуге рұқсат беру

  1.  

Түнгі  және ойын клубтары

  1.  

Караоке

  1.  

Океанариум

  1. 3

Ойын-сауық, бұқаралық іс-шаралар, конференциялар, форумдар, отбасылық, естелік іс-шаралар

  1.  

Көрмелер

 

٭- Ұйымдар, офистер қызметкерлерге COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жүргізілген жағдайда қызметін қашықтықтан және күндізгі жұмыс форматында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайыздық арақатынасы жөніндегі талаптарды ескермей жүзеге асырады. Бұл ретте CОVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және соңғы 6 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған барлық қызметкерлердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне жол беріледі.

 

«+» - қызметке рұқсат етілген;

«ü« - қызметке ішінара (шектеулермен) рұқсат етілген;

«-» - қызметке тыйым салынған».

 

Согласовано

30.04.2021 11:45 Кожапова Роза Абзаловна

30.04.2021 11:46 Азимбаева Нуршай Юсунтаевна

30.04.2021 11:49 Мукажанова Сандугаш Ермековна

30.04.2021 12:03 Есмагамбетова Айжан Серикбаевна

30.04.2021 12:07 Ахметова Зауре Далеловна

Подписано

30.04.2021 13:04 Киясов Ерлан Ансаганович

Просмотров: 1921


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст