«Балалардың тіл дамытуы бойынша ата-аналарға арналған жалпы кеңестер» атты аналар мектебі
2017 жылдың 06 қаңтар күні Е.Молодикова Ақмола облысы білім басқармасының «Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, №8 психологиялық – педагогикалық түзету кабинеті» КММ-де «Балалардың тіл дамытуы бойынша ата-аналарға арналған жалпы кеңестер» атты аналар мектебі ата-аналар клубының отырысын өткізді. Ата-аналарға сабақ - практикум көрсетілді. Диалогтік сөйлеу, сөйлеу тыныс алу, есту назарын дамыту, жаттығулар, түрлі ойындар ұсынылды. Мысалы, «Үрле» (бетті толтырмай майдалап туралған майлық немесе басқа да нәрселерге / бала сұлтандарға үрлейді). «Ойыншықтар» ұғымдарының мәнін нақтылаңдар (қандай ойыншықпен ойнайды және т. б.) ұсыныстар берілді.Бала ертегі көргеннен кейін ертегі қалай аталуын, ұнаған кейіпкерін атауға жауап беруіне
мүмкіндік беріңіз. Антонимді тандаңыз (керісінше айт, мысалы, жоғары – төмен және т.б.). «Сиқырлы таяқша» (таяқшалар арқылы санын ұлғайту, сөздерді өзгерту, мысалы, бір орындық, екі орындық және т. б.). Құрдастарымен және өзге адамдармен қарым-қатынас жасай білуге, қажетті шарттарының бірі – қалыпты тұлғалық және әлеуметтік даму. Сабақта алған білімдер мен іскерліктерді баланың күнделікті өмірінде бекітіңдер.
Т.Мирнова