Текст
Халық арасында аутизм туралы ақпаратты тарату іс-шараларын өткізу жоспары аясында «Атбасар қаласы №8 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ мұғалімдері осы ақпаратпен әлеуметтік маңызы бар орындарды аралады:
Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы, «Коммеск-Өмір» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ филиалы, «Еуразиялық банк» және «Джусан банк» филиалдары.
Аутизм туралы ақпараттандыру айлығының іс-шаралар жоспарын орындау бойынша жұмыс жалғасуда.