АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АТБАСАР ҚАЛАСЫ, АТБАСАР АУДАНЫ, №8 ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҮЗЕТУ КАБИНЕТІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АТБАСАР ҚАЛАСЫ, АТБАСАР АУДАНЫ, №8 ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҮЗЕТУ КАБИНЕТІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балалар мерекесі

01.06.2026

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Атбасар қаласындағы №8 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті педагогтері балаларға арнап жарқын да ұмытылмас мереке ұйымдастырды.

Қаланың орталық алаңында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған бейімделген алаң жұмыс істеді. Мұнда әрбір бала өзіне ұнайтын іс-әрекетті таңдап, уақытын қызықты өткізді. Күні бойы балалар көңілді ойындарға қатысып, би билеп, түрлі байқауларда өз өнерлерін көрсетіп, әсем суреттер салды.

Мереке балаларға көтеріңкі көңіл-күй, шаттыққа толы күлкі мен жарқын әсерлер сыйлады. Барлық қатысушылар үшін ерекше тосынсый ретінде тәтті сыйлықтар – дәмді балмұздақ тарту етілді, ол әр баланың көңілінен шықты.

Бұл күн балаларға қамқорлық пен көңіл бөлудің, олардың өздерін бақытты әрі сүйікті сезінуіне мүмкіндік жасаудың қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте еске салды.

      

Просмотров: 582


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст