Текст
«Атбасар қаласы №8 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» ММ педагогтары аутизм мәселесі бойынша тұрғындарды ақпараттандыру жұмыстарын жалғастыруда.
Бүгін осындай ақпаратпен 8 КППК мамандары N7, № 6 жалпы білім беретін мектепте, «Атбасар аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінде, «Жақсы» бизнес орталығында, аудандық «Простор» газетінің редакциясында және Атбасар қаласы әкімдігінде болды.