30.10.2025
1990 жылы 25 қазанда Отанымыз – Қазақстан Республикасының егемендігіне алғашқы қадам жасалды! Бұл қадам жаңа, заманауи Қазақстанның бастауы болды! Бүкіл халқымыз үшін маңызы зор осынау айтулы мереке қарсаңында Атбасар қаласындағы №8 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес тақырыптық сабақтар топтамасы өткізілді:
«Менің халқымның тарихы – елімнің тарихы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» балалардың мемлекеттік рәміздер: Ту, Елтаңба, Әнұран туралы білімдерін бекітті. Сондай-ақ олар әрбір азамат мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге міндетті екенін, олардың жасалу тарихын, ұлттық болмысты бейнелейтінін білді.
Педагогтар балаларға Қазақстан Республикасының әрбір азаматы еліміздің дамуына, оның ішінде ғылымға, мәдениетке, спортқа және кез келген басқа салаға өз үлесін қоса алатынын айтты!
Сабақтар біздің балалар үшін тартымды және қолжетімді болды: бояу кітаптары, басқатырғыштар, аппликациялар және танымдық ойындар пайдаланылды, ал мұғалімдер әртүрлі жасанды интеллект платформаларын белсенді түрде пайдаланды.
Сондай-ақ, «Қазақстанның болашағына қосқан үлесім» атты мұғалімдер мен балалармен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасының әрбір азаматының ел дамуындағы рөлі талқыланып, халқымыздың жеткен жетістіктері мен алдағы міндеттер ой елегінен өтті.
Сабақтар мерекелік жағдайда өтіп, балалардың бойында патриоттық, туған жеріне деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін, өз халқына деген мақтаныш сезімін оятуға көмектесті!
Ұлттық мерекеге арналған сабақтар топтамасының соңында директорымыз С.Г.Наймушинаның құттықтауымен бірге 8 КППК мұғалімдері қатыстырылған флешмоб өткізілді.




