АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АТБАСАР ҚАЛАСЫ, АТБАСАР АУДАНЫ, №8 ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҮЗЕТУ КАБИНЕТІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АТБАСАР ҚАЛАСЫ, АТБАСАР АУДАНЫ, №8 ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҮЗЕТУ КАБИНЕТІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы.

31.10.2025

Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы.

30 қазанда «Жақсы ауылындағы No2 жалпы білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесінде Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің аралас құрамдағы отырысы өтті.

Отырысқа Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесінің мүшелері; Ақмола облысының білім басқармасының өкілдері; Атбасар, Есіл, Жарқайың, Жақсы аудандарының білім беру ұйымдарының инклюзивті тәжірибені енгізу жөніндегі көмекші ұйымдарының басшылары (Жақсын аудандарының тірек балабақшаларының меңгерушілері мен балабақша меңгерушілері, тірек мектептерінің директорлары; Жақсын ауданы мектептерінің директорлары, Инклюзивті білім беруді қадағалайтын аудандық/қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері.

Үйлестіру кеңесінің отырысына «Атбасар қаласының №8 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» ММ басшысы С.Г.Наймушина қатысты.

Отырысты Ақмола облысы бойынша инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері, саяси ғылымдарының кандидаты Марат Умербайұлы Ибраев ашты.

Пленарлық отырыста Ақмола облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Дүйсенова Ботакөз Балапаевна құттықтау сөз сөйледі.

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарындағы инклюзивті білім берудің жай-күйі, мүмкіндігі шектеулі балаларға берілетін әлеуметтік жеңілдіктер, Инклюзивті білім беру жөніндегі Дүниежүзілік конгрессте (2025 ж. қазан) қабылданған инклюзивті білім беру туралы Алматы декларациясы мәселелері талқыланды.

Үйлестіру кеңесінің тәжірибелік отырысы топтарда өткізілді, оның барысында қатысушылар тренинг сабақтарына және шеберлік сыныбына қатысты.

Жиын пікір алмасу және шешім қабылдаумен аяқталды.

    

 

 

 

 

Просмотров: 865


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст