АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АТБАСАР ҚАЛАСЫ, АТБАСАР АУДАНЫ, №8 ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҮЗЕТУ КАБИНЕТІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АТБАСАР ҚАЛАСЫ, АТБАСАР АУДАНЫ, №8 ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҮЗЕТУ КАБИНЕТІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жарты ғасыр ерекше балалық шақ. Тәжірибе, дәстүр, инновация» атты оқу-тәжірибелік кездесуі»

09.12.2025

28 қарашада Атбасар қаласындағы No2 мамандандырылған мектеп-интернатына 50 жыл толды! Бұл айтулы оқиға «Жарты ғасырлық ерекше балалық шақ: тәжірибе, дәстүр және жаңашылдық» атты танымдық-тәжірибелік кездесумен.

Мерекелік шараға мектептің бай тарихының еншісіндегілер: ардагер ұстаздар, мектеп жылдарын ризашылықпен еске алған түлектер және айтулы оқиғаның қуанышына ортақтасуға келген құрметті қонақтар жиналды.

Салтанатты шараға Ақмола облысының білім басқармасы басшысының орынбасары, Ақмола облысы бойынша инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің төрайымы Б.Б.Дюсенова қатысты, Ибраев М.У., облыстық білім қызметкерлері кәсіподағының төрағасы – Б.Қ. Абдрахманов, Мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру басқармасының басшысы Сүлейменова А.Т., Ақмола облысының түзеу мекемелерінің директорлары.

Бұл мерекеде мерейтой иелерінің қуанышын бөліскен қонақтар қатарында Атбасар қалалық №8 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің меңгерушісі С.Г.Наймушина да болды. Ол бүкіл ұжым атынан мерейтой иелерін шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта табыс пен биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді

  

Просмотров: 143


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст