АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АТБАСАР ҚАЛАСЫ, АТБАСАР АУДАНЫ, №8 ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҮЗЕТУ КАБИНЕТІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АТБАСАР ҚАЛАСЫ, АТБАСАР АУДАНЫ, №8 ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҮЗЕТУ КАБИНЕТІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Көктем, сұлулық пен нәзіктік мерекесі

05.03.2026

Атбасар қаласындағы психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті №8-де Халықаралық әйелдер күні — 8 Наурыз мерекесіне арналған жылы да қуанышты, жарқын да әсерлі мереке өтті.

Бұл күні залға шынайы көктем лебі енді. Барлық қатысушы педагогтер әсем гүлдердің бейнесінде өнер көрсетті — пион, раушан, қызғалдақ, лалагүл, астра және түймедақ. Әдемі әрі жарқын гүлдерден құралған тұтас бір шоқ, оған қоса Ф. Шопеннің «Гүлдер вальсін» тамаша орындап шықты!

Әрине, балаларға қонаққа ертегі кейіпкері — Көктем келді (мұғалім-логопед Басманова А.Г.). Ол өзімен бірге көтеріңкі көңіл-күй, күннің шуақты жылуын және одан да көп күлкі ала келді. Көктеммен бірге балалар өлең оқып, ойындарға қатысып, өз өнерлерімен қонақтарды қуантты.

Мерекенің ерекше көркі қыздардың дефилесі болды. Онда жас қатысушылар өздерінің әсем бейнелерін мақтанышпен әрі күлімсірей отырып көрсетті. Көрермендер оларды қол шапалақтап қолдаса, аналардың көзінен шынайы мақтаныш байқалды. Ұмытылмас дефилені ұйымдастырып, өткізген — мұғалім-логопед Достаева С.М.

Мереке көңілді қимылды ойындар мен қызықты байқауларға толы болды. «Көмекшілер» ойынында балалар дастархан жаюды, аналарға үй шаруасында көмектесуді білетіндерін көрсетті (мұғалім-дефектологтар Искакова Д.А. және Оздоева Р.Д.).

Ең әсерлі сәттердің бірі — балалардың аналарына әдемі шаш үлгісі мен моншақтар салып, оларды одан әрі көріктендіруге тырысқан байқауы болды (педагог-психологтар Энглер И.Н. және Кенжебекова Г.А.).

Балалар аналарымен бірге «Көктемгі соқпақ» атты қимылды ойынға қуана қатысып, ол ойын әсерлі әрі көңілді өтті (АФК мұғалімі Новак Т.А.).

Сондай-ақ тамаша музыкалық нөмірлер мерекенің сәнін келтіріп, оған ерекше рең сыйлады. Бұл үшін музыка мұғалімі Азарбакатова Г.К.-ға алғыс білдіреміз.

Педагогтердің кәсібилігі мен ықыласының арқасында мереке жан жылуына, қолдауға және шынайы қуанышқа толы атмосферада өтті.

Мерекеге қатысушыларды мекеме басшысы Наймушина С.Г. жылы лебізбен құттықтады. Өз сөзінде ол мамандар мен ата-аналардың бірлескен жұмысының маңыздылығын атап өтіп, педагогтерге кәсібилігі мен балаларға деген қамқорлығы үшін, ал аналарға махаббаты мен қолдауы үшін алғыс білдірді.

Бұл көктемгі күн барлық қатысушыларға жарқын эмоциялар мен бірлік сезімін сыйлап, ең қымбат жандарға жылы сөз айту қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте еске салды.

                  

Просмотров: 499


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст