15.05.2026
Атбасар қаласындағы № 8 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде білім алушылардың, ата-аналардың және мекеме қызметкерлерінің дербес деректерін қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қатаң сақтау бойынша қызметкерлерге қайта түсіндіру жұмыстары мен нұсқама жүргізілді.
Нұсқама барысында дербес деректерді жинау, сақтау, өңдеу және беру тәртібін реттейтін заңнаманың негізгі нормалары мен талаптары қарастырылды. Ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету, дербес деректердің үшінші тұлғаларға таратылуына жол бермеу, сондай-ақ белгіленген талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілік мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Ұйым басшысы Наймушина С.Г. тарапынан 2024–2026 жылдар аралығындағы әлеуметтік желілер мен ұйымның ресми сайтында жарияланған материалдардың талап етілетін нормаларға сәйкестігіне мониторинг жүргізу басталды.
Осындай іс-шараларды өткізу қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және білім беру үдерісіне қатысушылардың дербес деректерінің сенімді қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған.


