АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АТБАСАР ҚАЛАСЫ, АТБАСАР АУДАНЫ, №8 ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҮЗЕТУ КАБИНЕТІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АТБАСАР ҚАЛАСЫ, АТБАСАР АУДАНЫ, №8 ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҮЗЕТУ КАБИНЕТІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

08.12.2017

Тақырып: Күз

Сабақтың мақсаттары:

1.    Білімдік:Балаларды сұрақтарғажауап беруге  меңгерту және оған сұрақ қоя білуге үйрету.

2.    Түзету-дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын молайту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

3.    Тәрбиелік: Балаларда табиғаттағы өзгерістеріне  қызығушылығын арттыру.

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, көрнекілік қолдану, ойын элементтерін пайдалану

Сабақ түрі: аралас сабақ

Құрал-жабдықтар, көрнекті

құралдар:мазмұнды суреттер, хат, жапырақтармен сандық.

                                                        Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі 1. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

2. Оқушылардың сабаққа дайындығын  тексеру.

3.Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру «Алтын күз»

Қоңыр салқын тарады

Қойнаулар мен сайлардан,

Қаздар, қайтып барады

Қайтқан елдей жайлаудан.

-Балалар

осы тақпақ қай мезгіл туралы? (күз)

-Күз айлары кім біледі? (қыркүйек, қазан, қараша)

-        Күз қыркүйек пен қазан  айында қандай?(алтын, ерте, әр түсті)

-        Күз қараша айында қандай? (жаңбырлы, суық, аязды)

ІІ. Жаңа сабақ Балалар бүгінгі тақырып «Күз»

Ойын «Ойла, тап»

Күзгі жапырақтар (не істейді?) – сарғаяды, жерге түседі.

Күзгі  жаңбыр –жаңбыр жауады, ұсақты жаңбыр,

Күзгі жемістер – жинайды

Күзгі құстар –жылы жаққа ұшып кетеді

Күзгі ағаштар – жапырақтарды түсіреді

Күзгі аңдар – қыстауға дайындалады, тон ауыстырады.

ІІІ Ойын «Белгіні таңда»

Күзгі жапырақтар (қандай?) –сары, қызыл, алтын.Бір

сөзімен қалай айтамыз? Әр түсті

Күзгі  жаңбыр –суық, ұсақты, жауынды,

Күзгі табиғат – жаңбырлы, аязды,  суықты.

Күзгі ағаштар – ерте күз келсе – әр түсті жапырақтармен,

кеш күзде- жапырақсыз

ІҮ Сергіту сәті (Мұғаліммен  бірге жттығулар істейміз)
Орнымыздан тұрамыз,

Мойнымызды бұрамыз.

Қолымызды көтеріп,

Саусақты ашып-жұмамыз.

Онан соң төмен түсіріп,

Алақанды соғамыз.
Ү Бекіту сәті Хат оқу. Есікке біреу тарсылдады. Қонақ келді. Ол бізге әр түсті

жапырақтармен сандық әкелді. Жапырақтар арасында хат таптық. Бұл күзгі белгісі-

деп, ойладық біз. Бірақ жаңбыр хатта кейбір сөздерді сулады.  Оқи алмаймыз ғой.  Ал балалар енді мен оқимын, ал сендер, осы

сөйлемдерді жалғастырып, сөздерді қоясындар.

  Жаз аяқталды ....... келді (алтын күз) Күннің көзі аз

..... (Бұлттан) шығады. Ағаштар (әр түрлі көйлек) киеді. Құстар жылы жаққа

(ұшып) кетеді. 

  Сабақты қорытындылау:

- Балалар бүгін сабақта не істедік?

- Жаңадан не білдіңдер?

- Қандай мезгіл туралы өттіңдер?

- Күзде қандай өзгерістер болады?

Жүректен жүрекке:

Балалар бір-бірінің қолдарынан ұстап, щеңбер құрыптұрады. Олардың ішінен біреуі «Мен сені жақсы көремін» деп көршісінің атын айтып, қолынан  қысады. Жақсы қабылдаушы оған күлімдеп жауап береді және соны өз көршісіне қайталайды. Осы айналым аяқталғаннан кейін мұғалім балаларға өзіміздің ниетімізді басқаға білдіргенде, оның сөзсіз өзімізге қайталап оралатынын түсіндіреді.

 

 

Просмотров: 422


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст