«Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету»
«Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету» Ақмола
облысы білім басқармасының «Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, №8 психологиялық–педагогикалық түзету кабинеті» КММ мемлекеттік қызметті көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде. Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрибелеп отырған отбасыларға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі жазбаша ұсыным болып
табылады.
Түзету кабинетінің жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін.
Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы.
2) Баланың туу туралы куәлігі (тексеру үшін түпнұсқа);
3) Көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (заңды өкілдерінің) жеке куәлігінің көшірмесі;
Көрсетілетін қызмет алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі жағдайы туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша Ақмола облысы білім басқармасының «Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, №8 психологиялық – педагогикалық түзету кабинеті» КММ-нің сайты арқылы алу мүмкіндігіне ие.
Біздің мекен-жайымыз: Атбасар қаласы, Макарин көшесі 24 (№4 ОМ ғимаратында),телефон: 8(71643) 2-43-62. Электронндық мекен-жайы: kppk8@mail.ru .
А. Исмагамбетова