"Мұғалімдер күні" мерекесі қарсаңында № 8 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің педагогтары Қазақстан Республикасы Білім Министрінің грамотасымен, Білім Министрлігінің Алғыс хатымен, Ақмола облысы білім басқармасының Алғыс хаттарымен, Атбасар ауданының білім бөлімінің грамотасымен марапатталды. Ұжымды "Атбасар ауданының білім бөлімі" ММ басшысы Наймушина Н.Г. және кәсіподақ комитетінің төрайымы Едрисова Р.б. құттықтады."Атбасар ауданының білім бөлімі" ММ басшысы Н.Г. Наймушина грамоталар мен алғыс хаттарды табыс етті.
Қазақстан Республикасы Білім Министрінің грамотасымен ППТК меңгерушісі С. Г. Наймушина марапатталды.
Музыкалық ырғақ педагогы Г. К. Азарбакатова Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.
Ақмола облысы білім басқармасының алғыс хатымен педагог-психолог Д. С. Бимендина марапатталды.
Әлеуметтік педагог С. М. Достаева Ақмола облысы білім басқармасының алғыс хатымен марапатталды
Атбасар ауданының білім бөлімінің грамотасымен тәрбиеші Е. В. Гужева марапатталды.
№ 8 ППТК ұжымы өз әріптестерін шын жүректен құттықтайды!