АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АТБАСАР ҚАЛАСЫ, АТБАСАР АУДАНЫ, №8 ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҮЗЕТУ КАБИНЕТІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АТБАСАР ҚАЛАСЫ, АТБАСАР АУДАНЫ, №8 ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҮЗЕТУ КАБИНЕТІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

04.04.2017

Түзету кабинетінің негізгі міндеттері

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысы «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы», Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі N 343 «Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы» Заңның 6 бабының 44-5 тармақшасына сәйкес Ақмола облысы білім басқармасының «Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, №8 психологиялық – педагогикалық түзету кабинеті» КММ-нің өңірдің халықтың назарына жеткізеді. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы арналған білім беру ұйымдарының мәртебесі үлгілік қағидалардың талаптарын ескере отырып, даму жарғысында көрсетіледі.

Арнайы білім беру ұйымдарында мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін оқыту жарғысымен айқындалған, нысандарын, құралдарын және әдістерін таңдауда дербес болады. Түзету-дамыту жұмыстарын психолог, олигофренопедагог, логопед, дефектолог топтық және жеке сабақтар көрсетіледі. 

Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің қызметі арнайы мектепке дейінгі мекемеге бармайтын 3-тен 6 (7) жасқа дейінгі дамуында проблемалары бар, 0-ден 3 жасқа дейін  балаларды түзеу арқылы қолдауға бағытталған.

Жеке-дамытушылық бағдарламада баланың психикалық дамуын ескере отырып, дефектолог, логопед, олигофренопедагог, психолог, әлеуметтік педагог сабақтарын жеке және топтық сабақтар өткізеді.

Түзету кабинетінің негізгі міндеттері болып табылады:

1.    Баланың дамуының психикалық, физикалық түзету;

2.   Ата-аналарға консультациялық және әдістемелік көмек көрсету мәселелері бойынша тәрбиелеу, оқыту, дамыту және балалардың денсаулығын қорғау.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру қағаз түрінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде қажетті құжаттар тізбесі:

белгіленген нысандағы өтініш;  

ата-анасының (заңды өкілінің)жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы.

 

   

                                                                                                                     А. С. Исмагамбетова  

Просмотров: 613

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст