2016 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есебі.
Ақмола облысы білім басқармасының «Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, №8 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ-сі 3 мемлекеттік қызмет көрсетеді.
2016 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны 141, оның ішінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер:
- қағаз нысанда — 141 (3 түрі).
1. Дамуында проблемалары бар балаларды оңалту және әлеуметтік бейімдеу – 57.
2. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету -84
3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау -0.
Ақмола облысы білім басқармасының «Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, №8 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ-нің мемлекеттік қызмет көрсету туралы халықты ақпараттандыру мақсатында 2016 жыл ішінде аудандық БАҚ-та бірнеше рет тиісті материалдарды жарияланды (барлығы 5-мақала).
Қызметкерлерге мемлекеттік қызметтер көрсетудің негізгі ережелерін, стандарттары мен регламенттерін түсіндіру бойынша 3 әдістемелік кеңес өткізілді.
Білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары, регламенттері, шағымдану тәртібі, байланыс ақпараты халықты ақпараттандыру мақсатында №8 түзету кабинетінің сайтында «Мемлекеттік қызметтер» тарауында орналастырылған.
Ақмола облысының білім басқармасына 3 мемлекеттік қызметтер жөнінде ішкі мониторинг жүргізу бойынша жұмысы туралы есебін ай сайын беріледі.
Мемлекеттік қызметтерді ұсынуда мерзімдері бұзылған жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағым түскен жоқ.